Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

"ARCHEO-SERVICE"

Тарихи-мәдени сараптама-қорытынды,ұйымдық жиынтықты қымтиды,аналитикалық және практикалық әрекеттер,тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи- мәдени маңызы мен сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған.

Кәсіпорын қызметінің түрлері:

Археологиялық ескерткіштер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Төтенше жағдайдағы археологиялық ескерткіштер бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының мақсаты-ескерткішті жан-жақты есепке алужіне құжаттау,одан әрі ғылыми талдау,соның ішінде ескерткіштің толық сипаттамасы,сәулеті,топографиясы,планиграфиясы мен стратиграфиясы,мәдени қабаттың сипаттамасы,анықталған жәдігерлер және т.б.

Ескерткіштердің қорғау аймақтарын анықтау

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштері болып танылған тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында күзету аймағы,дамуды реттеу аймағы және қорғалатын табиғи ландштафт аймағы белгіленеді.

Определение охранных зон памятников

Тарих және мәдени ескерткіштерін паспорттау

Тарих және мәдени ескерткіштерінің төлқұжаты-тарих және мәдениет ескерткіші туралы ғылыми және нақты мәліметтерді қамтитын құжат.

Определение охранных зон памятников

Тарихи-мәдени сараптама

Тарихи-мәдени сараптама-қорытынды,ол тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызы мен сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық,талдау және практикалық шаралар кешенін қамтиды.

археологическая экспертиза

Археологиялық сараптама

— арнайы жерді зерттеу болып табылады,«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Заңының 39-бабының негізінде жүзеге асырылады,мақсаты- кез келген құрылыс түріне немесе шаруашылықты дамытуға бөлінетін аумақтары тарихи-мәдени объектілерді анықтау болып табалады,қоршаған ландшафттың өзгеруіне әкеледі.Сараптаманы археологиялық жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар штаттық білікті мамандарды және арнайы техникасы бар ұйым ғана жүргізеді.

БЕЙНЕЖАЗБАЛАР
ФОТОГАЛЕРЕЯ

Сикым — 2014

Шалқия — 2015

Талапты — 2016

Тараз

Бектөбе — 2017

Саудакент — 2017

Ордабасы — 2017

ЖАҢАЛЫҚТАР

Previous
Next

2020-2022 жылдарға арналған «Көне Отырар қаласын ішінара қайта жаңғырту» жобасы іске асырылды. Жобаны қаржыландырған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. Жүзеге асырған «Қазқайтажаңарту» РМ Кәсіпорны. Археологиялық зерттеу жұмыстарын «Archeo-service» ЖШС атқарды.

Жобаның мақсаты Отырар қалажұртында археологиялық зерттеулер жүргізу, аршылған нысандарды реставрациялау, соның нәтижесінде ашық аспан астындағы музей жасау. Археологиялық зерттеулер шахристанда қазба жүргізу арқылы жүзеге асты.

Осы жоба аясында консервация алдындағы зерттеу жұмыстарын «Archeo-service» ЖШС археологиялық ғылыми-зерттеу компаниясы атқарды. Археологиялық зерттеулерге археолог С.Ақылбек жетекшілік жасады.

2020-2021 жылдардағы далалық маусымда шахристан территориясында әр кезеңдегі тұрғын үй массивтері қайтадан аршылды, оңтүстік және солтүстік қақпаларды байланыстыратын магистралды көше қазылды. Қаланың маңызды элементтерінің бірі – фортификация, толықтай зерттелді. Фортификацияның құрамдас бөліктері қақпалар зерттелді.

                                                                                          Ерзен хан ханакасы

                                                                                                     (14ғ. екінші ширегі-15 ғ. басы)

2021 жылы Отырар қаласы шахристанының Жарақты қақпасынан кіре берісте, ірі қоғамдық ғимарат қалдығы толықтай аршылып, зерттелді.

Ғимараттың қызметі екі кезеңнен тұратыны белгілі болды. Бастапқыда монша етіп салынып, уақыт өте келе монша жабылып, ғимараттың кей бөліктері қайта жабдықталып, қосымша бөлмелер салынып, ханакаға айналғаны анықталды.

 

                                                        Ғимараттың монша қызметін атқарған кезеңі

Бастапқы монша өзегінің жоспары айқыш (крест) тәрізді салынған (3-сурет). Айқыштың  бұрыштарында жекелеген бөлмелер орналасқан. Мұндай жоспарлы моншалар бұл кезеңде көптеп салынған. Осы түрдегі моншалар Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда: Тараз, Қойлық (Қаялық), Түркістан, Ақтөбе, Екпінді, батыста Жайық, Сарайшық сияқты ескерткіштерде қазылып зерттелген. Отырардың өзінде бұған дейін осы тектес үш монша аршылған. Ол үшеуі де Отырар рабадының территориясында орналасқан. Екі монша 11-12 ғғ. қызмет атқарған. Үшінші монша рабадтың оңтүстігінде, қалалық су қойманың жағасында орналасқан. Оның салыну кезеңі 13 ғасырдың екінші жартысы-14 ғасырмен мерзімделеді.

Анықталған моншаның көлемі 19х23 м. Ол айқыш пішінді орталық залдан және оны айналдыра орналасқан 5 бөлме пен кіре беріс дәлізден тұрады.

Моншаның жылыту жүйесі классикалық үлгідегі гипокаустик.  Гипокаустик жүйесі қазандықтан басталып, булық бөлмеге өткен одан шығып, орталық залға өткен. Осы орталық залдың қалтарыстарының қабырғаларының ортасында жоғары қарай тік шахталар орналасқан. Осы мұржалар арқылы түтін ауаға шыққан және бөлмелердегі ауа температурасы реттеліп отыріан.

Бұл айтылғанның бәрі ғимараттың монша қызметін атқарған кезеңге қатысты. Монша 13 ғасырдың екінші жартысында салынып, 14 екінші ширегіне дейін қызмет атқарған деуге негіз бар. 14 ғасырдың екінші ширегінде ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, ішкі құрылымдары түбегейлі өзгеріске ұшырап қайта жабдықталған. Сөйтіп ғимараттың екінші пайдалану кезеңі басталады.

 

                                                             Ғимараттың ханака қызметін атқарған кезеңі

 

14 ғасырдың басында сопылық ағым барынша дамып, мұсылман қауымында айрықша рөл атқара бастады. Бұл кезеңде Орталық Азияда суфизм саяси институт қызметін атқара бастады.Тариқат басшыларының билеушілерге ықпалы артты. Сол себепті 14 ғасырдан бастап қалаларда сопыларға арнап ханакалар салына бастады. Қала ішіндегі ханакалар классикалық үлгідегі көп бөлмелі (құжыралы) аулалық пішіндегі ханакалардан өзгеше болып салына бастады. Орталық Азияның бас қалалары Самарқан, Бұқара, Кермин, Термез және т.б. қалаларда порталды-күмбезді ханакалар салынды. Бұл ханакалардың өзгешелігі дәруіштер тұратын бөлмелері жоқ болды, тек сұқбат құратын, құлшылық ететін бөлмелер ғана болды және қызметшілердің шектеулі штаты ғана болған.

Бұл үрдіс Отырарда да көрініс тауып отыр. 14 ғасырдың екінші ширегінде Ақ Орда тағына отырған Ерзен хан Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларында мешіт, медресе, ханакалар салдырғаны белгілі. Біз аршып алған ғимарат сол Ерзен ханның Отырарда салған ханакасы деуге толық негіз бар.

Істен шыққан ескі монша ғимаратын ханака айналдыру үшін жоспарға өзгерістер енгізгзіп, ханака тән бөлмелер салған.

Біріншіден, ол ғимараттың қас бет жағынан шарша пішінді үлкен зал қосқан. Залды қосуда монша ғимаратының қас бетінің конфигурациясы есепке алынған. Залың қосылған үш қабырғасы да монша қас бетінің пилондарының орналасу орындары, пішіні мен көлемін толық қайталайды.зал шаршы пішінді, көлемі 12х12 м. Залдың көлеміне, интерьеріне қарап, бұл бөлме ханаканың зікірханасы болған деуге негіз бар. Зікірханада сопылар апта сайын жиналып, зікір салған және де күнделікті намаз оитын намазхана ретінде де пайдаланған

Екіншісі зікірхана бөлмелері. Ғимараттың ОБ жағында 4 жіне 5-бөлмелердің ортасында орналасқан қазандықтың орнына ОБ қабырғаны бойлай екі тікбұрыш пішінді бөлмелер параллель салынған. Бөлмелердің көлемдері бірдей 3,5х1,8 м. Бөлмелер толық  сақталған. Төбесін қыштан доғал етіп қалап, ортадағы сызықта түйістіріп жапқан.

Аталған бөлмелердің құрылымдық өзгешеліктері, бұлардың қатардағы бөлмелер емес екендігін көрсетеді. Биік табалдырық пен тар есік үңгідің ауызын имитациялайды. тар және аласа, терезесіз бөлме үңгірдің имтациясы. Төргі бөлмеге тесік арқылы жер бауырлап кірген. Алғашқы сопылар үңгірді мекендеген. Кейін сопылық дамып, күш алған кезде 40 к8н оқшауланатын бөлмелерді үңгірге ұқсатып салып, «ғар» — «үңгір» деп атағаны белгілі. Сол сабапті бұл бөлмелер ханаканың құрамдас бөлігі «ғар» типті шілдехана деуге толық негіз бар. Шілдеханада сопылар 40 күнге оқшауланып, құлшылық жасайтын болған.

Осылайша жазба деректерде көрініс тапқан мәліметтің археологиялық дәлелін табуының куәсі болып отырмыз. Ақ Орда ханы Ерзеннің Отырарда салдырған ханакасы осы ғимарат екенін нақты айта аламыз!

Previous
Next

2022 жылы «Archeo-service» компаниясы Отырар оазисінің суландыру жүйелеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, ортағасырлық Алтынарық каналында қазба жұмыстары жүргізілді.

Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан Отырар өңірі ежелден ақ мал шаруашылығымен қатар егіншілікті де қатар алып жүргені белгілі. Бұған осы өңірде орналасқан ортағасырлық қалажұрттар мен мекенжұрттар маңына жүргізілген археологилық зерттеу жұмыстары мен спутниктік түсірілім, әуетүсірілім арқылы көз жеткізуге болады. Қалалар мен мекенжұрттар маңынан анықталып отырған көне атыздар мен ескі канал орындары бұл пікірімізді нақтылай түседі.

Сырдария мен Арыс өзенінің Отырар өңірі үшін алатын маңызы жоғары. XVI ғасыр авторы Рузбехан Сырдария туралы: «Бұз өзен… 300 таш бойы ағып өтіп, Қара-Құрым құмында жоқ болады. Өн бойында түрлі азықтық шөптер мен қамыс өседі. Дариядан егістік алқаптарды суғару үшін көптеген арықтар шығарылған. Әлемнің бірде-бір елінде көп танапты өзен жоқ» дейді.

Егін шаруашылығы Арыс өзені бойында III-IV ғасырларда қалыптасты десек қателеспейміз. Бұл өңірден анықталып отырған ең  көне бірінші Тостағандық канал Арыс өзенінің ескі арнасынан бастау алып, Тостаған мен Айкөл мекенжұрттарына жақын маңдағы алқапты суландырған.

Әр түрлі ирригациялық құрылыстардың көмегімен жерді суландыру Қазақстан оңтүстігінің ежелгі егіншілерінің бірінші кезектегі мақсаты болды. Ал, суландыру жүйелерін салу мен оны қалыпты жағдайда ұстап тұру қоғамдық өндірістің маңызды саласы болды.

Суландыру жүйелерінің қалдықтарын ғарыштық және әуелік суреттерді пайдалана отырып археологиялық-топографиялық зерттеулер, Оңтүстік Қазақстандағы суландырудың кең дамыған формалары аллювиалды жазықтарда болғанын айқындайды. Отырар оазисін зерттеу осы ауданның қолдан суғару тарихын біздің дәуірімізден бастап ХVIII ғ. дейін бірнеше кезеңге бөлуге мүмкіндік берді.

Бірінші кезең I-VI ғғ. жатады және лимандық суғарудың ең қарапайым түрлерінен тұрады. Өңделетін жерлер бұл кезеңде Сырдарияның ескі арналарының орнында және Арыстың атыраулық өзектерінде орналасқан.

Екінші кезең–лимандық суғарудан өздігінен ағатын каналдарға өту кезеңі және ол VII ғ.- IX ғ.аралығын қамтиды. Бірінші кезеңдегі тасыған суды реттеу арқылы жүзеге асырылатын қарапайым әдістер дами түседі. Арыстың атыраулық өзектерінің негізінде магистралды каналдар жүргізіле бастайды. Бұл кезеңде каналдар бастауларының құрылыс жүргізіледі.

Үшінші кезең. Оазис ирригациясы дамуының үшінші кезеңін  (X — XI ғ. басы) оның гүлденген кезеңі деуге болады. Отырар оазисінде жекелеген су жүйелерін ортақ суландыру торабына біріктіру жүргізілді. Бастаулар Арыс өзенінің негізгі арнасына ауыстырылды. Арықтар тарамдала түседі. Ирригациялық техниканың дамуы суармалы жердің көлемін күрт арттырды.

Моңғол шапқыншылығы суармалы егіншіліктің дамуын тежеді. ХШ ғ. бастап ХV ғ. дейін Отырар оазисіндегі ирригациялық шаралар суғару жүйелерін моңғол шапқыншылығына дейінгі көлемге жеткізуге бағытталды.

Төртінші кезең. Оазистегі ирригацияның жаңа деңгейге көтерілуі XVI ғ. бастап ХVII ғ. бірінші жартысына дейін жалғасты.

Бесінші кезең. ХVII ғ. екінші жартысы — ХVIII ғ. бірінші жартысында Отырар оазисінің ирригациясының дамуы тоқтап, біртіндеп құлдырауы басталады. Бұның себебі өңірдің табиғи-климаттық жағдайы мен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде болып жатқан әскери-саяси оқиғаларымен де байланысты болды.

Жоғарыда аталғандардың барлығы Отырар мен Отырар оазисін, әлемдік мәдени мұра ескерткіштерінің қатарындағы ерекше маңызы бар археология, тарих, архитектура, палеоэкономика ескерткіштеріне айналдырады.

X-XIII ғғ. тән Алтынарық суландыру жүйесінің бастауы Қоғам ауылынан 3 км жерде, қазіргі Мыңшұңқыр ауылының оңтүстік-шығысында, Арыс өзенінің тік жарлы жағасында, оның иілген тұсында басталады. Географиялық координаттары 42Т444727 UTM 4739129. Өзен суы суландыру жүйесіне 2 басты қондырғы көмегімен ағатын болған, олар өзеннен 60-70 градус бұрышпен бөлініп шыққан және табиғи еңіс арқылы су ағысының бағытын одан әрі жалғайды. Біздің кезімізге дейін басты учаскелер сақталмаған. Магистралды каналдың қалдықтары Қаламтөбеден солтүстік-шығысқа қарай жүреді, онда ол үйлердің арасымен өтіп, әрі қарай қазіргі каналдың астында қалған. Алтынарық трассасы Пышақшытөбе қалажұртынан кейін Санғыларықтың бұрынғы желісін сәл түзей отырып, негізгі арна бойымен өтеді. Санғыларықтың осы учаскесінде екі табаны: ежелгісі және қазіргісі бар. Қазіргі табаны арқылы су ағады. Ежелгі және қазіргі жалдар анық көрінеді.

Алтынарық жүйесінің каналдары Құйрық, Отырар, Алтын, Күйік-Мардан тәрізді ортағасырлық қалалардың аумақтарын қамтиды, яғни бұрынғы жүйенің бағытын қайталайды. Магистралды каналдан аққан су Сырдарияға келіп құйылады. Негізгі трассаның ұзындығы 30 шақырым болып табылады.

Алтынарық магистарлды каналында пайдасыз ағу ұзындығы 3 км құрайды. Ол Пышақшытөбе қасында бітеді. Қаланың қасында канал трассасында гидротехникалық желі орналасқан. Одан екі таратушы бөлініп шығады: Оның бірі сол жағында, оңтүстік-батыс бағытқа, екіншісі – оң жағынан жүріп, солтүстікке қарай, Отырар бағытына бұрылады. Зерттеу жұмыстарының көрсеткеніндей, сол жақтағы тармақ (ұзындығы 3 шақырым, табанының ені 4 м, жалдарының биіктігі 1,2 м) артық суды ағызуға арналған. Оның трассасы Жаманкөл көліне барып құяды. Оң жақтағы тармақтың ұзындығы 2,5 шақырым, табанының ені 5 м, жалдарының орташа ені 8 м, олардың биіктігі 1,6 м. Каналдың екі жағынан табанының ені 1-ден 3 м болатын екінші қатардағы салалар тарайды, олар өз кезегінде ені 1 метрден артық арықтарға бөлінеді.

Отырар каналы (Алтынарықтың оң тармағы) гидрожеліден 4 шақырым қашықтыққа созылады. Отырардан 1,5 шақырым жерде ол 3 тармаққа бөлінеді. Оның бірі ұзындығы 1 шақырым болып, солтүстік-батысқа қарай бұрылады, ал екіншісі Отырар су қоймасына келіп құяды, шахристанның батыс бөлігіне дейін келіп қаланы қоршап тұрған орға келіп қосылады. Үшінші тармақ су қоймасына оңтүстік жағынан келіп иіледі де рабадты кесіп өтіп, оның сыртына – қорғаныс қабырғасының сырт жағына шығады. Қала каналдарының ені 3,5 м, жалдардың биіктігі – 1,5-2 м.

Х ғасырдан бастап ХІІІ ғасырдың басына дейін жұмыс істеген Алтынарық жүйесінің каналдары Отырар, Құйрықтөбе, Алтынтөбе, Мардан-Күйік, Пышақшы тәрізді ортағасырлық қалалар мен Бесінші төбе, Тоз төбе тәрізді мекенжұрттардың аумағын қамтиды. Негізгі трассаның ұзындығы 30 шақырым. Қазба барысында Алтынарық каналы тармақтарының конфигурациясы нақтыланды. 

Байланыс

Мекен-жайымыз

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ОТЫРАР АУДАНЫ, ШӘУІЛДІР Е.М., ШӘУІЛДІР АУЫЛЫ, АБАЙ КӨШЕСІ, 6 ҮЙ

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «ARCHEO-SERVICE»

Барлық құқықтар сақталған